Махаббат Апталығына: Тағдыр
Махаббат апталығын бастаған сайт әкімшілігіне алғыс білдіремін. Мынау өлеңді жақында жазғам, осында ілем деп жүргенде біраз уақыт өтіп кетіпті. МАХАББАТ АПТАЛЫҒЫ жақсы идея, дәстүр-салтты қайдам, әдемі сылтау болды… Кешіріңіздер, мәртебелі ПОЭЗИЯ сөз алсын, алдымен аз-кем кіріспе, өлең тарихы іспеттес…
Ақпанның 13-14 күндері Маңғыстау, Ақтауда үлкен өнер кеші өтеді. Есімдерін ел білетін, өнеріне әлем шапалақ ұрып, қошемет білдірген «Жорға» халықтық би ансамблінің құрылғанына 15 жыл толады. Сол «Жорғаның» бас бапкері менің досым, Серік САРИЕВ деген азамат. Ансамбль қазақ эстрадасындағы біраз қыз жігіттермен тығыз байланыста жұмыс жасаған. "Қазақтың 100 әні",«Аймақтар аламаны» секілді жобаларда аса жоғары жетістіктерге жеткен. Тамара Асардың жеке би ұжымы болып саналатын «Жорғаға» жақында Роза Рымбаева құда түсті. Ақпанның ортасындағы Ақтаудағы кеш өткеннен кейін «Жорға» Астанада өтетін Роза Қуанышқызының «Шақырады Көктемінде» билейді.
ПыСы: Жақында Серік хабарласып Розаның айтатын 4-5 әнін топтап, бас-аяғы бүтін бір композиция жасағысы келетінін айтты. Сондағы орындалар ән мен қойылар биге кіріспе сөз керек екен. "Өлең керек! 4 шумақ, ол төрт жерде оқылады, жеке тұрғанда да, тұтас алғанда да мағнасын сақтайтын өлең жазшы..." Әне, талап қайда жатыр Содан мынау өлең жазылды… Қарап жіберіңіздерші....
Тағдыр!
Санамда жауабы жоқ сан сұрақ тұр,
Жанымды отқа тастап, қамшылап жүр…
Жалғыздық – дерт!
Көрермін!
Көнемін де…
Жазылса пешенеме жалқы тағдыр…
Жалғанның жанарында жарты бақ тұр…
Әрі қарай